Тау Жыныстарының Қасиеттері
- Тау Жыныстарының Физика Механикалық Қасиеттері
- Тау Жыныстарының Механикалық Қасиеттері
- Тау Жыныстарының Магниттік Қасиеттері
Тау жыныстары. Тау жыныстарында өтiп жатқан, топырақ түзу үрдiстерiн түсiну үшiн, тау жыныстарының жіктелуін, генезисін және қасиеттерiн терең білу қажет. Олар топырақ түзушi жыныстардың негiзi болады, яғни топырақ пайда болатын жоғарғы қабаттардағы жыныстар. Тау жыныстарының ерекшелiктерi маңызды дәрежеде топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiн анықтайды.
Тау жыныстары дегенiмiз – алқап және қабат болып орналасатын, бiр немесе бiрнеше минералдардан құрылатын, дербес геологиялық дене. Мысалы, егер гипс шағын болып, жақсы қырланған қоспасыз құрылса, ол минерал болады, ал егер ол қыртыс немесе зор қабатты және ендi болып орналасса және құрамында әр түрлi қоспалар болса, ол тау жынысы болып саналады. Барлық тау жыныстары, пайда болуына байланысты үш топқа бөлiнедi: магмалық, метаморфты, шөгiндi. Тау жыныстарының 16 км тереңдiлiкке дейiнгі қабаттында жобалап алғанда: магмалық жыныстар 60%, метаморфты- 32%, шөгiндi тау жыныстары 8%. Магмалық тау жыныстары Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз.
Кейбір тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері. Орал аймағындағы карьерлердегі шеткі массивтердегі тау жыныстарының беріктік қасиеттерін сейсмометрия əдісімен зерттеу нəтижелері келтірілген. Тау-кен техникалық жыныстарының қасиеттері.
Пайда болу жағдайына байланысты барлық магмалық тау жыныстары үлкен екі топқа бөлiнедi: - терең орналасқан немесе интрузивтi; - төгiлген немесе эффузивтi. Интрузивті тау жыныстары жер қабатының ішінде жоғары температурада және үлкен қысым жағдайында пайда болады. Біркелкі кристалды масса пайда болуымен, әр түрлі интрузивті денелер құрып (гранит, сиенит, габбро), тау жыныстарының арасында, балқынды магма біртіндеп суыйды және олар қатаяды. Жер шарындағы материктер 10-20км қалыңдықпен интрузивті тау жыныстар айнала орналасалы. Балқынды магма жердің бетіне қарай көтеріліп жер қыртысында әр түрлі тереңділікте тығыз әр түрлі формалы суыған кристалды масса құрады. Олар: балиттер-күмбез тәрізді денелар, алқабы 200км 2 жоғары; күмбез-алқабы 200км 2–ден аз; лаколиттер- саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 200км 2 –ден аз; лаколлиттер-саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 100-200 ден 3-10км 2 –қа дейін; силок-қыртысты тамырлы, шөгінді жыныстардың қыртыстарына қосарланып орналасады (12 сурет). Эффезивті тау жыныстары төмен қысыммен жоғары температура жағдайында магманың жер бетіне немесе суға төгілуінен пайда болады.
Бұл жағдайда магма, аморфты тығыз масса құрып, тез суыйды. Тез суу үрдісінде суып жатқан магмадан шыққан газды өнімдер бөлігі, саңылау сияқты із қалдырады. Эффузивті жыныстар жоғары саңылаулықпен (пемза, жаңартаулы туф), шынылықпен (жанартаулы, әйнек), біріктікпен (базальт) ерекшеленеді. Олардың массасы аморфты және жасырын кристалды, атқылау көзінен түбегейлі күмбез пішінді орналасады. Көп масса төгілгенде қабық пайда болады және ағындардың едәуір алқабын алып жатады, сонымен қатар көлбеулі бетпен ағатын балқынды магманың ағындарымен пайда болатын –ағын пішінді. Магмалық жыныстардың пішіндері Жер бетіне шыққан, магмалық тау жыныстар біртіңдеп үгіледі, ыдырап мүжілу қабатын құрайды. Олардан құралған топырақтар мүжілген қабаттың топырақтары деп аталады.
Әр бір тау жынысы, анық геологиялық жағдайда құрылып сыртқы белгілі жиынтықпен сипатталады. Олардың ішінде маңыздысы болып минералогиялық құрамы, құрылысы және түсі болып саналады.
Тау жыныстарының минералогиялық құрамы әр түрлі. Олар бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан құрылуы мүмкін. Мономинералды жыныстардың үлгісі болып, жалғыз кальциттен құрылатын мәрмәр, әктас, немесе жалғыз кварцтен құрылатын кварцит саналады. Полиминералды жыныстардың үлгісі болып ортоклаз, слюда, кварц, платиоклаз және мүйіз алдамыш құрылатын гранит болып саналады. Жыныстардың өте маңызды диагностикалы белгісі болып олардың құрылымы мен құрылысы.
Тау Жыныстарының Физика Механикалық Қасиеттері
Жыныстар құрылым жыныстарды құраған минералдардың бір-бірімен жабысуын және құралған көлемін көрсетеді. Құрылым пайда болу жағдайын көрсетеді. Интрузивті жыныстарға анық көрінетін түйіршікті (толық кристалды) құрылым тән. Бұл құрылым магма біртіндеп суығанда пайда болады, барлық минералдар біртіндеп және біркелкі кристалданып пайда болады (гранит, габбро). Магмалық тау жыныстарының құрамындағы SiO 2 мөлшеріне байланысты жіктелуі № № Тау жыныстар топтары ның аты SiO 2 мөл шері,% Жыныстар түсі Тау жыныстары Минералды құрамы интрузивтi эффузив ті 1 2 3 4 5 6 7 1 Қышқыл 65 Қара түсті минкралдар 5-20% шұбар, көбінесе ашық түсті Гранит Пемза, обсидан, жанартау лы туф, липарит Калийлы Дала шпаты, кварц, слюда, алдамшы мүйіз. 2 Орта 52-65 Қара түсті минералдар 35% Сиенит диорит Андезит, трахит, порфирит Ортоклаз, плагиоклаз, биотит, алдамшы мүйіз.
3 Негiзгi 52-40 Қара түстi минералдар 50% Габбро, лабро-дор Базальт, диабаз Плагиоклаз, авгит, оливин 4 Ультра Негізгі 40 Қара түсті минералдар мол Дунит Пикрит Оливин, биотит, алдамшы мүйіз. Эффузивті тау жыныстары жартылай кристалды құрылыммен сипатталады, олар мынандай түрлеге бөлінеді:.
Тау Жыныстарының Механикалық Қасиеттері
Афонитті құрылым-қарапайым көзбен көрінетін, кристаллды дәндердің боомауымен сипатталады. Порфирлы құрылым – тығыз, ұсақ дәнді немесе шынылы негізгі массамен сипатталады, ішінде бөлек кристалдар көрінеді.
Көбінесе бұл кристалдар кварцтан, дала шпатымен (трахит) көрсетіледі. Русская озвучка для gta vice city android. 3) Шынылы құрылым тұтас кристалданып үлгермеген магмалық массадан құрылады. Тау жынысының құрылысы, яғни жыныстың массасын құратын, минералдардың өзара орналасуы, олардың тығыздық деңгейі. Магмалық жыныстар құрылысы массивті және борпылдақ болады. Массивті құрылыс – тұтас, минералдар бір-біріне тығыз байланысты болады, ал борпылдақ құрылыс - қарапайым көзбен көрінетін саңылаулардың болуымен сипатталады (пемза). Тау жыныстарының түсі әр түрлі және жыныстарды құрушы мен оның массасында жайылған екінші дәрежелі минералдардың түсіне байланысты.
Тау Жыныстарының Магниттік Қасиеттері
Магматикалық жыныстардың түсі олардың минералогиялық құрамына байланысты және әр түрлі – ақ түстен қараға дейін болады. Түсті жыныста көп кездесетін түстен анықтайды. Магмалық тау жыныстарында келесі минералдар жиі кездеседі: оливин (алдыңғы жобада), плагиоклаз (сол жақта), мүйізді алдамыш (ортада), далалық шпат және кварц, гранитті пегматит (оң жақта). Магмалық тау жыныстардың минералогиялық құрамы әр түрлі және магманың құрамы мен суу жағдайына байланысты. Магма суығанда әр түрлі минералдардың біртіндеп кристалдануына әкелетін, ыдырау және дифференсация үрдістері пайда болады. Барлық магматикалық тау жыныстары құрамында кремнезем кездеседі.
Купить книгу 'Тесты по эндшпилю для шахматистов III разряда'. Авторы — Конотоп Валентин и Конотоп Сергей. Тесты по математике. Первая часть: 25 тестов, по 12 примеров в каждом (300 примеров в общей сумме). На выполнение теста отводится 1 час. За правильное решение.
Егер минерал құрамында ол көп болса минерал ашық түсті болады, егер аз болса, минерал түсі күңгірт болады. Барлық магматикалық тау жыныстары құрамындағы SiO 2 мөлшеріне байланысты қышқыл орта, негізгі және ультранегізгі топтарға бөлінеді (3 –кесте).